Мемлекет басшысы: Ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы: Ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек

31.03.2024

Мемлекет басшысы барлық өңірде су тасқынына қарсы шараларды күшейтіп, ең бастысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Су тасқынына байланысты өткен шұғыл кеңесте президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын сынға алды. Ведомстволар мен аймақтар басшыларының жұмысына немқұрайлы қарағаны, кәсіби міндетіне сай келмейтіні сыналды. Мемлекет басшысы үкімет пен жергілікті атқарушы органдар арасында жүйелі байланыс болмағанын, зардап шеккен өңір тұрғындарына орасан шығын келгенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан жағдайға байланысты халықтан кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек көрсетілетінін атап өтті.

Жиын барысында Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс берді. Сонымен бірге, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту алды. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, Президент жағдайды қалыпқа келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдаумен қатар жүйелі жұмыс қажет екенін атап өтті. Премьер-министрдің төрағалығымен республикалық штаб құруды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу