Ұлттық арна «Технократтар талқысы» жобасын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «Технократтар талқысы» жобасын ұсынады

30.03.2024

Ұлттық арнада - жаңа жоба. Ертеңнен бастап көрерменге жол тартатын «Технократтар талқысы» бағдарламасында ғылым мен технологиядағы соңғы жаңалықтар талқыланады. Танымдық интеллектуалды хабарда отандық ғалымдар мен инженерлердің тың идеялары және олардың жүзеге асырған жаңа технологиялық жобалары студияға әкелініп, көпшілікке көрсетіледі. Бағдарламада шетелде зерттеумен айналысып жүрген қазақ ғалымдары да онлайн байланысқа шығып сұхбат береді. Жаңа жобаның алғашқы эфирі ертең кешкі - 5-тен 10 минут өткенде басталады. Алғашқы шығарылымда «электромобиль дәуірі» тақырыбы талқыланады. 40-45 минуттық хабар аптасына бір рет, әр жексенбі сайын көрсетіледі.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу