Ақтөбе облысында эвакуациялық жұмыстар жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында эвакуациялық жұмыстар жалғасып жатыр

30.03.2024

Самара-Шымкент автожолындағы бұзылған көпір бір тәулік ішінде қалпына келтірілді. Ақтөбе облысы аумағындағы бұл жол учаскесін қарғын су шайып кеткен еді.

Жөндеу жұмыстарына 70-тен аса техника мен 31 жұмысшы тартылды. Қазір халықаралық жолдағы көлік қозғалысы қайта жанданды. Дегенмен, облыста тасқынның беті қайтқан жоқ. Ойыл ауданы Берсиев елді мекенінің 356 тұрғыны бір тәуліктен бері мектепті паналап отыр. Кеше ауыл үйлері бірінің төбесінен тікұшақ арқылы 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Эвакуация бүгін де жүргізіліп жатыр. Әйтеке би ауданындағы Талдысай ауылының халқы да көшірілді. Өйткені, жақын жердегі су қоймасы сыр беріп, ауылға су кірген. Аудан орталығының да бірнеше көшесіне қауіп төнді. Жалпы облыс бойынша 757 үйге су кіріп, 5200 адам эвакуацияланды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу