Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан бұрынғы мұғалім ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан бұрынғы мұғалім ұсталды

27.03.2024

Ақмола облысының Степногорск қаласында он жылдық еңбек өтілі бар бұрынғы мектеп мұғалімі есірткі сатумен айналысқан. Тәртіп сақшылары оны зиянды заттарды тығып жатқан жерінен ұстады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұзақ уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Кейін қызметінен босатылып, тыйым салынған заттарды жасырумен айналысқан. Қазір ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Құрманғожа Құсайынов, Облыстық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары:

37 айналым тәркіленді. Айналымның салмағы 62 грамм. Синтетикалық есірткі, мефедрон. Жалданған пәтердің ішінде тінту өткізу барысында есірткі заттарды орап, тығып, жасырып қоятын әртүрлі заттар тәркіленді.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу