Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан азамат ұсталды

27.10.2022

Ақмола облысында аса ірі көлемде марихуана тасмалдаған күдікті ұсталды. Арнайы бөлім қызметкерлері оны Жібек жолы кенті маңындағы өткізу терминалында қолға түсірді. Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 43 жастағы Астана тұрғыны біраз уақыттан бері Ақмола облысы аумағына есірткі заттарын жеткізіп келген. Күдіктінің шикізатты оңтүстік аймақтардан әкелгені анықталды. Ол отырған көлікті тінту кезінде бір жарым келіден асатын марихуана табылды. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу