Дәрігерге терапевтің жолдамасынсыз бара аласыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерге терапевтің жолдамасынсыз бара аласыз

20.03.2024

1 сәуірден бастап қазақстандықтар терапевтен жолдама алмай-ақ тікелей дәрігерге көріне алады. Атап айтсақ онколог, дерматолог, кардиолог, невропатолог және хирургтың қабылдауына жазылу үшін жергілікті емханаға алдын ала хабарласасыз.

Сондай-ақ, жастар денсаулық орталығындағы мамандарға да тікелей қаралуға болады. Жылжымалы медициналық кешендердің қызметіне де жолдамасыз жүгінуге мүмкіндік бар.

Әсел Қыдырәлиева, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы:

2022 жылдан бастап норма енгізілді, бірақта неге бірінші сәуірден бастап деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл ретте біз жетілдіру жұмыстарын жүргіздік, ақпараттық жүйенің, қосымша арқылы жазылудың. Осы уақытқа дейін жазылу мүмкіндігі көбінесе, кестелердің уақыттары екі күннен бір аптаға дейін ашық болатын болса, қазіргі таңда кем дегенде 15 күнге кестелер ашық.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу