Шамадын тыс күнге күю – мең мен қалдың өзгеруіне әкеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шамадын тыс күнге күю – мең мен қалдың өзгеруіне әкеледі

04.06.2019

Денеңіздегі мең, қал қандай да бір өзгеріске ұшырап жатса міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Олар асқынып кетсе, терінің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, шамадын тыс күнге күю – мең мен қалдың өзгеруіне әкеледі. Яғни, жаз айында абайлау керек. Дерматологтар тері ауруларының көбейгенін айтады. Себебі, ішетін тамағымызда да, пайдаланатын тұрмыстық заттарымызда да аллергия тудыратын қоспалар көп. Ал аллергияны емдемей жүре берсеңіз, ол асқынып тері ауруына әкеп соқтыруы мүмкін.

Тағы бір нәрсе, кейбір тұрғындар шипа іздеп емшілерді жағалап, болмаса өздігінен емделіп ауруын асқындырып келеді екен. Дәрігерлер ондай жандарға да құлақ қағыс жасап жатыр.

Елордадағы Дерматалогия орталығы бүгінгі дүниежүзілік меланома күніне арнап ашық есік күнін ұйымдастырды. Шараға қаладағы тері ауруы бойынша есепте тұрған 500 адамға шақырту жасалған.

Гүлнәр Бостанова, қала тұрғыны:

Мені уайымдатаны – кішкентайымнан шыққан екі қалдың ортасында мынадай қал бар. Тексере келе, ешқандай қауіп жоқ. алып тастауға болады дегеннен кейін, қазір хирургқа бара жатырмын.

Жанар Қсанова, Дерматалогия орталығы директорының орынбасары:

Қай кезде меңді көрсету керек. Түрі өзгерсе, көлемі өзгерсе, үсті суланып немесе қабыршақтанып басқа да бөртпелер болса, оны өздігінен емдемей, кетірмей дермотолог дәрігерге көрсету қажет.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу