Неке алдында медтексеруден өтпеудің зардабы неге әкеліп соғады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Неке алдында медтексеруден өтпеудің зардабы неге әкеліп соғады?

29.12.2019

Елімізде ажырасу көп екенін білеміз. Бір себебі - бедеулік. Келіншектер ғана бедеу емес, белсіз жігіттер де бар.

Әлемнің бірқатар мемлекеттері жастарды некеге тұрар алдында толық медициналық тексеруден өтуді заң жүзінде міндеттейді. Үйленгісі келетін екі жас дәрігерге қаралып, анализдер тапсыруы тиіс. Бізде ондай талап жоқ. Ал ерікті түрде тексерілетіндер өте аз. Келіншектер жүкті кезінде ғана барады, ер-азаматтар тексеруден өтуге мүлдем бармайды десе болады.

Иә, медициналық тексеруден өтуді заңмен бекіту біртүрлі. Не дегенмен, шымылдық ішіндегі тақырып. Мәселе үйленуге шешім қабылдағандар мен олардың ата-аналарының бала сүйе алмай жүрген жас отбасылардың көбейіп бара жатқанын қаперде ұстағандары. Ақерке Бектас медициналық тексеруден өтпеудің бұдан да жаман салдарлары туралы айтады. Мүгедек болып туған балалар жайлы.


Хабарламаларға жазылу