Алаяқтар екі айда 4 млрд теңгені аударып алған
Еліміздегі барлық киберқылмыстың 90 пайызын интернет-алаяқтар жасайды. Биыл екі айда қазақстандықтардың шығыны 4 млрд теңгеге жеткен. Кибершауыл неге күшейіп кетті? Оларды тоқтату мүмкін бе? Азаматтар нені ескеруі керек? Ақмаржан Ғафизқызының материалы.
Зухра микроқаржы ұйымдарының жалған жарнама-сайттарына алданып, 3 миллион теңге несие рәсімдеген. Алаяқтар онымен тоқтамай, дербес деректерін сұратып, 200 мың теңге ақша аударуға көндірген. Ойлары іске асқан соң ізім-ғайым жоғалған.
Зухра, қала тұрғыны:
Сол ақшаны шешіп алу үшін менен ақша сұрады. Яғни, 3 млн сумманы сіз сразу шығара алмайсыз, 50-100-200 мың тг көбейе берді. 200 мың теңге сұраған кезде мен түсіндім алданғанымды. Бір сәтте күйзеліске ұшырадым. Мен оларға жіберген ақашны микрозаймдардан алған едім. Олар мені угрожать етті, ақшаны тезірек шешіп алыңыз деп. Мені алдаған мошенниктер мені қорқытып күнде почтама жазды. Басқа адамдардың алданғанын қаламаймын.
Зухра секілді шығынға шаш етектен батқандар көп. Себебі, айла-шарғы да аз емес. Бүгінде кибералаяқтық онлайн-сауда саласына дендеп енген. Сондай-ақ әдеткі қулық та қалған жоқ. Жеке сот орындаушысы немесе банк қызметкері ретінде хабарласып, тақырға отырғызып кететін жайттар да жиі тіркеледі.
Қаныш Ашжанов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі:
Мұндай фактілер өте көп. Сот тарапынан өзің таныстыру кезіңде біздің азаматтарымыз көбіне ондайға сене бермейді де, сол сәтте бұлар өздерің полиция немесе банк қызметкері ретінде таныстырады. Мұндай арнайы операцияларды сіздің шотыңыз, қауіп төніп тұр екінші счет ашу керек деген әңгімелерді полиция немесе банк қызметкерлері телефон арқылы жүргізбейді. Жергілікті банкке немесе полиция департаментіне шақырылады, болды.
Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек былтыр қазақстандықтар 21 млрд теңгеге шығындалған. Соның бар жоғы 800 млн теңгесі өндіріліпті. Ал биыл азаматтар алаяқтарға 4 млрд теңге аударса, оның тек 30 млн-ы қайтарылған.
Қалғаны сырт асып, криптавалютаға айналған. Яғни, электронды ақша. Мұнда қаржы банк картасына емес, алаяқтың аты-жөні көрсетілмейтін электронды қапшыққа түседі. Ал мамандардың айтуынша опық жеп қалмаудың жалғыз жолы - қаржылық сауаттылықты арттыру
Бауыржан Ысқақ, экономист:
Ақпарат жұмыстары өте қатты жүргізілу керек. Мектептерде, сабақтарда қаржылық сауаттылық мәселелері жүзеге асырылу керек. 0215 Несиені тез рәсімдеп алудың жолдары жеңілдеп кеткен. Адамдар психологиялық тұрғыдан телефонмен рәсімдесе де жеңіл екенін байқау арқылы интернеталаяқтар өз есептеріне пайдаланады.
Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:
Киберқылмыс ол жаһандық мәселе. Шекара таңдамайды. Жалпы, жасанды интеллект дамыған сайын интернетте алаяқтардың түрі де, айласы да көбейіп келеді. Аталған қылмыстар негізінен шетелде ұйымдастырылып, сол жақтан басқарылады. Сондықтан із кесіп, ілік іздеу де қиын. Енді мемлекет мәселені заң жүзінде қарамақшы. Сырттай рәсімделген несиелерді банк өзі өтеуге міндеттеледі. Құжат қазір мәжілісте қаралып жатыр.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58