Ақмола облысынан заңсыз автокөлік тіркеудің 68 дерегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысынан заңсыз автокөлік тіркеудің 68 дерегі анықталды

17.03.2024

Яғни, көліктер жалған құжатпен есепке қойылған. Ал мұның барлығын көкшетаулық екі азамат автоцон дейміз ғой, соның бұрынғы қызметкерімен бірлесіп істеген. 

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық Мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Егер автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса, онда 2500 АЕК төлеу керек, ал егер екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады. Тек анықталған фактілер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген.Мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде.

Шет елдік көлікті заңсыз есепке қоюдың бірнеше тәсілі бар екен. Осындай қитұрқы әрекетті ұйымдастырушылар мынадай тәсілдерге жүгінеді:

Арман Ашмуханов, автосарапшы:

Ең бірінші кездесетін амал вин-кодты өзгертіп ұрланған көліктерді тіркеу. Екіншісі бюджетке аз төлем төлеу үшін немесе мүлде төлемеу үшін көліктің шығарылған жылы мен қозғалтқыш көлемін азайтып тіркеу. Үшіншісі басқа елде кепілде тұрған көлікті жалған құжатпен тіркеу. Төртіншісі есептен шыққан көліктің орнына мүлде басқа көлікті тіркеу.

Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» меморандумға қол қойғанын мәлімдеді. Енді автокөлікті есепке қоюдың амалы өзгереді, ал нақты қандай өзгерістер болатынын алда хабарлаймыз деді. Иә, біреулер бар – амалын тауып, заңды айналып өтетін. Заңды бұзбақ тұрмақ, бәлесінен аулақ деп, айлаға көшуді ойлауға қорқатын көпшілік бар.

Арман Ашмуханов, автосарапшы:

Мысалы бүгін мынадай өзгеріс енгізсе екінші күні басқаша амалын тауып ұйымдасқан қылмыстық топтар тіркейді. Ол жалғыз халыққа қызмет көрсету орталығының операторы емес, ол полиция қызметкері болуы мүмкін арасындағы делдал болуы мүмкін барлығы ұйымдасып жасайды.

Хабарламаларға жазылу