Ақмола облысында алкоголь өнімін заңсыз өндіргендер құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында алкоголь өнімін заңсыз өндіргендер құрықталды

04.07.2023

Ақмола облысында заңсыз алкоголь өнімін өндіріп келген жасырын бірнеше цех анықталды.

Жүргізілген жедел іс-шара кезінде бір топ адам қолға түсті. Олар Көкшетау, Степногорск, Щучье және Ақкөл қалаларында орналасқан қоймаларда астыртын жұмыс істеп, заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан. Тінту кезінде 17 мыңнан астам бөтелкедегі ішімдік, 3,5 мың литрге жуық алкоголь, заңсыз өнімдерді өндіруге арналған аппарат және 40 мыңнан астам контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары анықталды.

Сондай-ақ, қылмыстық жолмен табылған 2 млн теңгеден астам ақша мен 3 автокөлік тәркіленді.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Хабарламаларға жазылу