Алматыда сегіз жарым келі есірткі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сегіз жарым келі есірткі тәркіленді

27.10.2021

Қолды болған заттардың марихуана мен гашиш екені анықталды. Ұйымдасқан топты ұстау кезінде олардың бес адамнан құралғаны белгілі болды. Күдіктілер мінген көлік «Дарабоз» ықшамауданында тоқтатылған. Жедел әрекет ету кезінде қолға түскендердің есірткі тасымалдап жүргені анықталды.

Сондай-ақ қылмыстық кәсіпті ұйымдастырушының үйінен үш қару табылды. Оның екеуі Жамбыл облысынан ұрланғаны дәлелденсе, үшіншісінің кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Ұсталғандардың үстінен есірткіні заңсыз сату және атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Хабарламаларға жазылу