Петропавлдағы көкөніс қоймасында заңсыз майнинг фермасы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы көкөніс қоймасында заңсыз майнинг фермасы анықталды

22.02.2022

Петропавлда көкөніс қоймасында заңсыз жұмыс істеп келген майнинг фермасы анықталды. Тінту кезінде криптовалюта шығаруға арналған 273 арнайы техника табылды. Мекеменің қанша уақыттан бері жұмыс істеп келгені әзірге белгісіз. Ғимараттың бір бөлігінде көкөніс сақталса, келесі жартысында заңсыз ұйым өз қызметін жүзеге асырған.

Виктория Алпеева, СҚО экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі:
Мамандардың алдын ала есебі бойынша бойынша өндірілген криптовалютадан түскен табыс көлемі 68 млн теңгеден асады. Заңсыз майнинг фермалары электр жүйесіне үлкен салмақ түсіреді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақмола облысының Атасар қаласында да заңсыз майнингтік ферма анықталды. Оны деструктивті діни ағымдағы азамат ашқан. Тінту кезінде криптовалюта өндіруге арналған 20 майнинг жабдығы табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу