Түркістанда республикалық командалық ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда республикалық командалық ақындар айтысы өтті

16.03.2024

Түркістанда әз-Наурыз мерекесіне арналған «Төрлет, наурыз, төріме» атты республикалық командалық ақындар айтысы өтті.

Түркістан мен Жамбыл облысы ақындарының арасында өткен жыр додасында әр командадан төрт айтыс ақыны, термеші, жыршы, дәстүрлі әнші және күйші қатысты. Ақындар айтыстың түре, сүре, қайым, қыз бен жігіт түрлерінен сынға түсті. Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы жыр-додасын қортындылай келе Түркістан облысының ақындары мен өнерпаздары үздік ден таныды. Енді түркістандық команда келесі айналымға өтеді. Сайысқа қатысушылардың барлығына демеушілер атынан арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу