Оралда республикалық ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда республикалық ақындар айтысы өтті

26.12.2023

Оралда «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Сөз сайысында елдің әр өңірінен барған 16 ақын бақ сынады. Биыл республикалық «Асыл домбыра» айтысында Батыс Қазақстан облысының командасы бас бәйгені жеңіп алған болатын. Бұл жолғы айтыстың дәл осы өңірде өткізілуі сондықтан. Додада ақындар азаттықтың қадірі мен тәуелсіздіктің тағдыры жайлы толғады. Айтыс соңында сөз жүйріктерінің бәріне теңдей етіп, 500 мың теңгеден сыйақы берілді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу