Париж олимпиадасына 52 спортшы қатысуы мүмкін
Париж олимпиадасына 133 күн қалды. Байрақты бәсекеге еліміздің 52 спортшысы қатысады деп жоспарлануда. Қазір олардың тең жартысы лицензиясын алды. Ал қалғандары арнайы спорттық талаптардан өтуде. Барлығы- допинг тест тапсырады. Жарыс басталғанға дейін, олардың әр қайсысы үш рет допинг тестен өтеді. Қазір, спортшылардың спорттық киімінің дизайнына байқау жүріп жатыр. Әзірге, 6 ұсыныс келіп түскен. Дизайн ұсыну уақыты тағы бір аптаға ұзартылды. Талап бойынша, спорттық киімде ұлттық нақыш сақталуы тиіс. Сондай-ақ, сапасы жоғары, бастысы ыңғайлы болуы керек.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Париж олимпиадасы 26 шілдеде басталады. 11-ші тамызға дейін өткізіледі. 3 аптаға дейін болатын жарыс үлкен, төрт жылда бір рет болатын. Парижде болатын олимпиадаға 200-ден астам елдер қатысады деп халықаралық олимпиаданың ақпараты бойынша күтіп отыр.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29