«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы тағайындалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы тағайындалмақ

14.03.2024

Сенат вейптерге толық тыйым салатын заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, мәжіліске қайтарды. Енді вейптерді жарнамалауға да шектеу енгізілмек.

Заң жобасында электронды темекілерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мәселен, сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу. Ал, әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ құрып, заңсыз әрекетті бірнеше рет қайталаған жағдайда – 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру көзделген. Жалпы, сарапшылар электронды темекі өкпені туберкулез дертімен тең дәрежеде зақымдайтынын айтады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметінше, 33 мемлекетте электронды темекі сатуға тыйым салынған. Жиында депутаттар жөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын түрлерін сатпауды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, бұл мәселе әлі де қаралып жатқанын айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Вейптердің саудасы бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Кінәлілер ескертумен құтылмайды. Заң күшіне енгеннен кейін, сату да, тұтыну да қылмыс болады. Жарнамалауға да тыйым салынады. 

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы тағайындалмақ

Заң жобасында медицина қызметкерлерінің мәртебесі де қаралған. Жаңа нормаларға сәйкес, енді осы саладағы мамандарға ерен еңбегі үшін, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы мен «Өз кәсібінің үздiгі» атағы беріледі.


Хабарламаларға жазылу