5,5 мың заңсыз қоқыс полигоны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5,5 мың заңсыз қоқыс полигоны анықталды

14.03.2024

Сенат қабырғасында сондай-ақ, қоқыс мәселесі де қаралды. «Миллиардтаған теңгеге салынған қоқыс өңдеу зауыттары жұмыс істемейді. Депутат Зәкіржан Кузиев қоқыс мәселесіне қатысты қабылданып жатқан шаралар тиісті нәтиже бермей келеді, дейді. Мәселен, елімізде жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна коммуналдық қалдық пайда болады. Былтырғы дерек бойынша аймақтарда 5 жарым мыңнан астам заңсыз полигон бар. Жиналған қоқыстың шамамен 5-6% ғана сұрыпталады. Сондықтан депутат бұл проблеманы шешу үшін айыппұлды ұлғайтып, тәртіпті қатаңдату керек деп отыр.

Зәкіржан Кузиев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Қауіпті және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату кезінде қолдаланылатын технология нормативке сәйкес келмейді. Дегенмен, бұл ретте ауқымды бюджет қаржысы игеріліп жатыр. Қоқыспен жұмыс істеу жағдайын жақсарту үшін бұдан былай қайта өңдеуге жатпайтын қаптаманы пайдалануға тыйым салуды, қоқысты жинау орындарында қалдықты сұрыптау жүйесін енгізуді, қоқысты уақтылы шығармағаны және рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі үшін айыппұлды ұлғайтуды ұсынамын.


Хабарламаларға жазылу