Жамбыл облысында заңсыз 172 қоқыс полигоны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында заңсыз 172 қоқыс полигоны анықталды

03.08.2021

Жамбыл облысында бей-берекет төгілген 172 қоқыс полигоны анықталды. Спутниктік бақылау арқылы табылған заңсыз қоқыс полигондары жайлы мәліметті мамандар жергілікті әкімдіктерге жіберуде. Олар қоршаған ортаны қоқыстан тазарту жұмыстарын ұйымдастырады. Қазір табиғат жанашырлары Жамбыл ауданында екі қоқыс алаңын тазартып жатыр. Тамыздың соңына дейін аймақта анықталған барлық қоқыс үйінділері жойылмақ.



Хабарламаларға жазылу