Қала қоқыс құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала қоқыс құрсауында қалды

20.02.2020

Ауру қоқыстанған, лас жерден тарайтыны белгілі. Мысалы, бүгінде Атырауды қоқыс басып барады. Экологиялық ахуалы онсыз да сын көтермейтін шаһарда 500-ден астам заңсыз полигон анықталды. Қалдық үйілген орындардың көбі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жанында.  

Жалпы шаһар аумағында дәл осындай 500-ден астам қоқыс алаңы бар. Заңсыз полигондардан өткен жылы 129 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Бір сорақысы, мына жатқан аумақ дәл балабақшаға жақын орналасқан.

Жауапты орган өкілдері, заңсыз үйілген қоқысты жою үшін, құрылыс қалдықтарын, мына қарға-құзғынның мекеніне айналған ескі полигонға тегін төгуге рұқсат берді. Бірақ мұнымен Атырауды қоқыс құрсауынан жуық арада құтқару мүмкін емес.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу