Шығыс Қазақстанда 500-ден астам заңсыз қоқыс полигоны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 500-ден астам заңсыз қоқыс полигоны анықталды

13.08.2021

Шығыс Қазақстанда 550-ден астам заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды.Коммуналдық қызметтер оларды толықтай жоюға қауқарсыз. Тек Өскемен қаласының аумағынан биыл 9 мың текше метр қоқыс шығарылды. Мәселе қалдықтарды сақтайтын арнайы орынның жоқтығында. Сол себепті қалалық полигонды қалпына келтіру қажет, дейді мамандар. Облыста барлығы 430 полигон болса, олардың тек 32сінде технологиялық нормалар сақталған. Ал қалдықтарды утилизациялау 2022 жылдан бастау жоспарланып отыр. Оған дейін облыс орталығында қоқыс жағатын зауыт салынады деп күтілуде. Ал әзірге өзен-көлдердің маңын таза ұстап тұруға еріктілердің көмегі зор болып тұр.

Шолпан Еркінбек,  эко-волонтер: 
Әр аптада екі рет келіп тазалауға тура келеді. Себебі келушілер саны, өздеріңіз көріп тұрғандай, өте көп. 2-3 күнде барлық қоқыс жәшіктері қоқысқа лық толы болады. Әрбір үш күн сайын 25 қап шығарамыз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу