Географиялық белгілерді құқықтық қорғау жергілікті экономиканың дамуына ықпал етіп қана қоймай, өңірдің жаһандық аренада оң имиджінің қалыптасуына негіз болады. Бұл өз кезегінде кəсіпкерлер мен өнертапқыштардың еңбектерін қорғауына септігін тигізеді. Өзекті мәселе Түркістан қаласында өткен халықаралық семинар барысында талқыланды. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының қолдауымен және Әділет министрлігі тарапынан ұйымдастырылған басқосуда географиялық патент арқылы аймақта өндірілетін өнімдердің ет, сүт жəне бау бақша дақылдарынының əлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік беретіні сөз болды. Жаңа брендтерді қалыптастыруға серпін беретіндігі айтылды. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен Еуропалық Одақ, Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысқан шарада Әділет министрі Азамат Есқараев географиялық көрсеткіштер бүкіл әлем бойынша белгілі бір өңірдің тауарлары мен қызметтерін тануды арттырудың және агроөнеркәсіптік өңірлерді дамытудың орнықтылығын арттырудың тиімді құралы екенін атап өтті.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
Былтыр біз аппорт алмасын ұлттық бренд ретінде тіркедік. Адай жылқысын селлекциялық жылқы ретінде тіркедік. Түркістан облысының өзінің балмұздағы сияқты, Түркістан шоколады осындай брендтер бар. Оларды құқықтық қорғау арқылы географиялық көрсеткіш ретінде тіркеп, осындай жұмыстарды жасап, халықаралық деңгейге шығару керек деп ойлаймын.
Айнұр Әбілқасымқызы