Түркияның батысындағы Чанаккале қаласында 4,9 балдық жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның батысындағы Чанаккале қаласында 4,9 балдық жер сілкінісі болды

05.03.2024

Түркияның батысындағы Чанаккале қаласында қуаты 4,9 балдық жер сілкінісі болды. Кеше жергілікті уақытпен түнгі ондар шамасында болған зілзаланың дүмпу Стамбұл, Бурса қалаларында да сезілді. Үрейленген халық бірден көшелерге шығып жан сауғалаған. Бурса қаласында жер дүмпуінен қорқып екінші қабаттан секіріп кеткен бір адам алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың хабарлауынша зілзала болған қалаларда ешқандай ғимарат зақым алмаған. Жараланғандар жоқ. Сейсмолог мамандар соңғы бір жылда Түркияда болған ірілі-ұсақты жер сілкіністері өткен жылдармен салыстырғанда үш есе артқанын айтады.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу