Түркияда 7,8 балдық жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 7,8 балдық жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар

06.02.2023

Түркияның орталығында қуатты жер сілкінісі болды. 7,8 балдық дүмпу ошағы Сириямен шекаралас Газиантеп қаласынан 26 шақырым жерде тіркелген. 10 адам қаза тапты, ондаған тұрғын үйінді астында қалып қойған. Шанлыурфа қаласында 16 ғимарат құлаған. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Зілзала ел астанасы Анкара мен өзге де қалаларда, сондай-ақ Сирияда, Ливанда және Кипрде сезілген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу