Шыңжаңда жер сілкінісінен 47 үй құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаңда жер сілкінісінен 47 үй құлады

23.01.2024

Қытай мен Қырғызстан шекарасында бүгін жер тағы екі мәрте теңселді. Дүмпу қуаты 4,8 және 4,9 балға жеткен. Ал бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдың батысындағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағының Ақсу префектурасында қуаты 7,1 балдық жер сілкінісінен 6 адам жараланды. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. 47 үй құлап, 78 баспана зақымданған. Қазір апаттан зардап шеккен елді мекендерге көмек пен құтқарушылар жіберіліп жатыр. Елдің зілзала жөніндегі желілер орталығының хабарлауынша, дүмпу ошағы Қырғызстанмен шекаралас Үштұрпан уезінде анықталған. Ал АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, магнитудасы 7 баллдық жер сілкінісі Тянь-Шянь тауларында болып, оны Үрімшы, Қашғар, Хотан, Алматы тұрғындарымен бірге, Қырғызстан мен Өзбекстан жұрты да сезген.


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу