М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклінің премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклінің премьерасы өтті

01.07.2016
М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклінің премьерасы өтті

Белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов бұл пьесаны 1946 жылы жазған. Қойылым соңғы рет 40 жыл бұрын сахналанған.

Қойылымға өзек болған идея - жаңашылдық пен кертартпалықтың айқасы. Қоюшы-режиссер Қуанышбек Адылов осы қайшылықты тап басып, әділдік пен арамдықтың, ақ пен қараның аражігін кейіпкерлер арқылы көрсетуді мұрат еткен.

Ал, театр ұжымының үйлесімді де табанды еңбегі бұл туындыға жаңаша дем беріп, бір айдың ішінде көпшілік назарына ұсынды. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ                              

Хабарламаларға жазылу