Сәкен Жүнісовтің туғанына - 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Жүнісовтің туғанына - 80 жыл

25.11.2014
Сәкен Жүнісовтің туғанына - 80 жыл

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, драматург Сәкен Жүнісовтің туғанына 80 жыл толуына арналған кеш өтті.

 Салтанатты жиында жазушының шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін фильм көрсетілді.

Кешке қатысқан зиялы қауым өкілдері көркем суреткердің халықтық бояуға толы туындыларын сөз етті.

 «Сұлу сөздің сүлейі» атанған  Сәкен сері «Жапандағы жалғыз үй», «Аманай-Заманай», «Ақан сері» сынды қазақ әдебиетінің алтын жауһарларын қалдырды.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу