Германияның 40-қа жуық бизнес өкілдері Қазақстанның нарығына қызығушылық танытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның 40-қа жуық бизнес өкілдері Қазақстанның нарығына қызығушылық танытып отыр

06.09.2022

Санкцияға байланысты Ресейде бизнесі тоқтаған батыс компаниялары енді Қазақстанға келмек. Дәлірек айтсақ, Германияның 40-қа жуық бизнес өкілдері біздің елдің нарығына қызығушылық танытып отыр. Елордада өтіп жатқан Қазақстан-Германия бизнес форумында инвестициялық жобалар талқыланды. Неміс компаниялары әсіресе, ауыл шаруашылығы , өндіріс, ІТ саласының мүмкіндігін көруге ниетті. Алдағы 1 жылдың ішінде жаңа бизнес көздері ашылуы мүмкін. Екі елдің тауар айналымы былтыр 2,2 млрд теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға артық.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Бүгінде Қазақстанның Германияға экспорт көлемін шамамен 1 млрд еуро сомаға 140-тан астам тауарлық позиция бойынша арттыра түсуге әлеуеті бар. Герман инвестициясының 90 пайызы экономиканың шикізаттық емес секторына салынған. Екі елдің мемлекет және үкімет басшылары саяси және сауда-экономиклық қатынастарға жол салып отыр. Қалған мүмкіндік бизнес өкілдерінің қолында.


Хабарламаларға жазылу