Қарағанды облысында көмір шахталарында тексеріс жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында көмір шахталарында тексеріс жүріп жатыр

29.02.2024

Қарағанды шахталарында 2021 жылдан бері болған қайғылы оқиғалардың 95%-ына жарылыстар, өрт және газ-динамикалық құбылыстар себеп. Халықаралық Boston Consulting Group компаниясы 2023 жылдың желтоқсан айынан бері Qarmet-тегі көмір өндірісіне аудит жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда кеніштерде кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізу мәселесі қолға алынып отыр.

Шахталарды басқару үшін орталық диспетчерлік қызметті құру ұсынылған. Бұл өндірістік деректерді бір орталықтан бақылауға және геотербелістер сияқты қатер төндіретін сыртқы факторларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұған дейін шахталарға қажетсіз технологиялық жабдықтар алуға инвестиция құйылғаны анықталып отыр. Сондай-ақ кеніштерде еңбек жағдайларының бірыңғай стандарты сақталмаған.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу