Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» шекаралық өткізу бекетінде 25 жүк көлігі кептелісте тұр. Демалыс күндері жиналған ауыр техника саны 280-ге жеткен.
Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, қазір жағдай қалыпты. Шекарадан өткізу, тексеру шарасы штаттық тәртіпте жүріп жатыр. «QazAvtoJol» мамандары осы бекет орналасқан Самара-Шымкент халықаралық маңыздағы күре жолы түгел тазартылғанын, жол ашық екенін мәлімдеді. Жолшылардың айтуынша, кептеліс Ресей жақтағы Маштаков бекетінде байқалады.
Ардақ Мұратқызы