Оралда Қырғызстанның жүк көліктері кептелісте тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Қырғызстанның жүк көліктері кептелісте тұр

19.08.2021

Оралда Қырғызстанның жүк көліктері кептелісте тұр. Бір қызығы, шекарада емес, қаланың ішінде. Олар автобекетке барып, нұсқама алмай, кемпингке тоқтаған. Енді қосымша кеден пункттерінде тексеруден өтуі керек. Мемлекеттік кірістер департаменті Ресейге өтетін жүк көліктеріне тексеріс күшейетінін мамыр айында хабарлаған еді. Себебі олар салықтан жиі жалтарады. Жыл басынан бері осындай тексерістің нәтижесінде 6 мың дерек анықталды. 1 млрд.теңгеге жуық сома бюджетке түспей қалған.

 Ерболат Ғәйнешев, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті эксперттік бақылау басқармасының басшысы:
Бір күнде қазір он автокөлік қамтылып отыр. Енді қосымша тексеріс қосылуына байланысты күніне 20 көлік қамтылады. Көліктердің тікелей мұнда келуі заңсыз болды. Жергілікті полицияға айтылып, тұрған орындарынан алынылды. Себебі тексеріс тағайындалмай, бірден келіп осындай жағдай туғызып отыр.


Хабарламаларға жазылу