Еліміздің төрт аймағында мектеп оқушылары сабақты онлайн оқып жатыр. Аяз сынбаған соң, Астанада бірінші ауысымда оқитын 9- сыныпқа дейінгі балалар қашықтан оқуын жалғастырды. Ақтөбе облысының мектептерінде де бірінші ауысымдағы оқушылар онлайнға көшті. Қостанайда 30 градус аяз. Мұнда да түске дейін оқитын оқушылар қашықтан білім алып жатыр. Семейде де бірінші ауысымдағы 11-сыныпқа дейінгі балалар мен колледж студенттерінде онлайн оқу. Өңірлік білім басқармасының ақпаратынша, аудан мектептері де онлайн форматқа көшкен.
Қаракөз Тұрмағанбет