Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді

28.11.2022

Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Семей қаласында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқып жатыр. Ал Шығыс Қазақстанда соңғы үш тәуліктен бері сары аяз сақылдап тұр. Сондықтан бүгін өңірдегі барлық аудан мен қала мектептерінде бірінші аусымдағы сабақ онлайн режимге ауыстырылды

Колледждердің 1-2 крус студенттері де қашықтан оқиды. Кешелі бері аймақта -33-35 градус аяз. Бірақ оған қарамастан жолға шығып далада қалған жүздеген адам құтқарылды. Әсіресе Зайсан мен Тарбағатай ауданындағы төтенше жағдайлар қызметінің құтқаршылары дамыл тапқан жоқ. Екі күн бұрын Қаратал ауылының маңында екі шопан адасып кетіп, құтқарушылар жедел қимылдап тауып алды. Кеше «Омбы-Майқапшағай» тас жолында жағармайы қатып қалған 16 жүк көлігі құтқарылды. 

Олжас Керей

Хабарламаларға жазылу