Францияда аккумулятор зауыты өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда аккумулятор зауыты өртенді

19.02.2024

Францияның оңтүстігіндегі аккумуляторларды қайта өңдеу зауытында өрт шықты. Лапылдаған жалын шамамен 900 тонна литий батареясын шарпыған. Оқиға Тулуз қаласының солтүстігіндегі Вивье елдімекенінің жанында болды. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, өрт бақылауға алынды. Ал зауыттан тараған қою түтін тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп тұрған жоқ. Айта кетсек, литий батареялары смартфондар мен электромобиль өндірісінде үлкен маңызға ие.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу