Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экспортер елдің бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экспортер елдің бірі

24.06.2015
Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экспортер елдің бірі

«Үдемелі индустриялық-инновациялық» бағдарламаның аясында, 5 жыл ішінде 1 мыңға таяу кәсіпорын ашылған. 180 мың адам жұмыспен қамтылды.

Осындай зауыт-фабрикалардың салынуының арқасында, Қазақстанда дайын өнімнің, әбден өңделген тауардың 205 түрі пайда болған. Еліміз 119 мемлекетке өзінде шығарған тауарын экспорттай бастады.

Шетелге өнімін экспорттап отырған кәсіпорынның бірі - Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауыты.

Бұл мекеме шығарған өнімінің 70 пайызын сыртқа сатады. Былтыр зауыт 1 миллион 200 мың аккумулятор шығарды. Биылғы меже - 2 миллион дана.

Қазақстан қазір шикізат өндіруші елден, дайын өнім шығаратын мемлекетке айналып келеді. Соңғы 5 жыл еліміздегі өндіріс ошақтары 1 миллиард доллардың затын шетелге экспорттаған.

 

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу