Қостанайда 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

14.02.2024

Қостанай полицейлері 5 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Оқиға қаңтар айының басында Қарасу ауылында болған. Қылмыстық топ тұрғын үйге басып кіріп, иесін ұрып-соғып тонап кеткен еді. Ұсталғандардың бәрі экстремистік діни ағымдардың өкілі. Қостанай құқық қорғаушылары павлодарлық әріптестерімен бірлесіп, 4 күдіктіні Екібастұз қаласында, тағы біреуін Астанада қолға түсірді. Бәрі де қамауға алынды. Ауыр қылмыс жасағаны үшін енді олардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Дауренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу