Қарағандыда 28 адамнан тұратын ірі қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 28 адамнан тұратын ірі қылмыстық топ ұсталды

24.08.2023

Қарағандыда тау-кен өндіруші компаниялардың біріне қарақшылық шабуыл жасамақ болған 28 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Арнайы операция кезінде 400-ге жуық оқ-дәрі, суық қару мен қомақты қаражат тәркіленген. Топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, қылмыстық топтың басшысы деген күдікке ілінген тағы бір адам шетелде қолға түсті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу