Түркістан облысында қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

01.04.2021

Түркістан облысында қымбат көліктерді ұрлап, оны еліміздің үш өңіріне сатып келген қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында төрт адамнан құралған топтың 5 көлікті ұрлағаны анықталды. Екі көлікті Ақтөбеде қолды етсе, қалған үшеуін Түркістан мен Қызылорда облыстарынан айдап кеткен. Ал, көліктердің есігін ашу үшін арнайы бағасы 5 миллион теңге тұратын құрылғыны пайдаланған. Тәртіп сақшылары ұрланған 4 көлікті Ақтөбе облысының тұрғындары арзан бағаға сатып алғанын анықтады. Оларды жедел уәкілдер Шымкент қаласы мен Ақтөбе және Қостанай облыстарында ұстады. Ал бір сатып алушыға қатысты іздеу жарияланды. 

Құрманбек Сахов, Түркістан облыстық ПД бастығының орынбасары:
Әрқайсысының рөлдері болған. Құны шамамен 10 млн теңгеден астам қымбат автокөліктердің артына түсіп, бақылап, есіктерін ашу барысында арнайы сканерлі құрылғылармен автокөліктерді ашып отырған.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу