Бейсен Құранбектің заттары музейге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейсен Құранбектің заттары музейге қойылды

12.02.2024

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің жылдар бойы өзімен бірге тастамай алып жүрген қара сөмкесі Алматы музейіне қойылды. Тележүргізушінің жары Гүлмира Зербайдың сөзінше, басқа дүниелерінен гөрі осы заты өзіне ерекше ыстық. Бейсекең сапарға шыққанда кітаптарын, қолжазбаларын осы сөмкеге толтырып алатын, - дейді. Көрмеге Бейсен Құранбектің жеке заттары, құжаттар мен марапаттары, әр бағдарламада киген киімдерін қосқанда барлығы 200-ге жуық экспонат қойылды.

Гүлмира Зербай, Бейсен Құранбектің жары:

Бейсекеңді өздеріңіз білесіздер тек қана кәсіби маман ретінде ғана емес, жеке өмірде де белсенді болды. Өзі айкидомен айналысты. Өзінің жас кезінен бастап өмірден өткенге дейін осы жаттығуларын тоқтатқан емес.Осы жерде ол кісінің жаттығуға киген киімдері тұр. Қарулары тұр. Осы заттары өзінің жақын заттарының бірі деп айтуға болады.

Әміре Арын, ақын:

Тағдырдың тәлкегіне түскен адамдар көз жасын сүртті. Оларға дем берді. Олардың ертеңгі күнге деген үміттерін оятты. Сөйтіп бір ғана журналист қаншама жүздеген адамдардың өмірлерінің шырайлы болуына, өмірлерінің белгілі бір арнаға түсуіне әсер етті.


Хабарламаларға жазылу