Журналистер үйі алдында ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер үйі алдында ескерткіш тақта орнатылды

23.12.2022

Талдықорғанда журналистер үйіне белгілі журналист, еліміздің мәдениет қайраткері Бейсен Құранбектің есімі берілді. «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламасының жүргізушісі ретінде көпшілікке танымал болған әріптесіміз бұл ғимараттың бой көтеруіне өзіндік үлесін қосқан. Журналистер үйі алдында ескерткіш тақта орнатылып, оның салтанатты түрде ашылуына Сенат және Мәжіліс депутаттары қатысты. 2014 жылы салынған ғимаратта қазіргі таңда Жетісу телеарнасы, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары отырады.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бейсен өзінің өмірі қысқа болса да, оның ісі, өнегесі осы халықтың жүрегінде сақталады. Елін сүйгендігі, халқына қызмет етудің бір үлгісін көрсеткеннің бір қайырымы болып жатқан сияқты қабылдаймыз.

Сондай-ақ, осы айтулы шарадан кейін «қоғамдағы интелектуалдық журналистиканың қалыптасуы» атты аймақтық форум өтті. Шара барысында елімізге танымал журналистер өңірдің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне дәріс беріп, тәжірбиесімен бөлісті.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу