Жетісу облысында жыл басынан екі ана мен бала өлімі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жыл басынан екі ана мен бала өлімі тіркелді

09.02.2024

Жетісу облыстық перинаталдық орталығында жыл басынан бері екі ана және екі нәресте өлімі тіркелді. Бірінші жағдай қаңтар айының 30-ында болып, перзентханаға өз аяғымен барған әйел ұұйықтап жатып, оянбаған. Құрсағындағы баласымен белгісіз жағдайда көз жұмды. Ал екінші жағдайда нәрестені кесерь тілігімен дүниеге әкелген ана 2 ақпанда операция кезінде қайтыс болған. Артында 4 баласы қалды. Ал туыстарының айтуынша ана өліміне перзентхана қызметкерлерінің салғырттығы себеп болуы мүмкін. Екі жағдай бойынша да комиссия құрылып, құзырлы органдар тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қанат Жұмашев, Жетісу облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері:

Бізге де өте қиын болып отыр. Жылдың басын осындай жағдай болды. Біріншіден, туыстарына ауыр болды ғой. Өзіміз де түгелін түсінеміз. Егер де дәрігерлердің қателігі болатын болса, оның түгелін экспертиза шешеді.

«Экспертиза нәтижелері шыққаннан кейін кемшілік жіберген мамандар заң аясында тиісті жазасын алатын болады», - деді бас дәрігер. Перинаталды орталық директорының мәліметінше 2022 және 2023 жылы перзентханада ана өлімі мүлдем тіркелмеген.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу