Алматыда ауаны ластайтын түтін шығаратын көліктер тізімі жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ауаны ластайтын түтін шығаратын көліктер тізімі жарияланады

05.02.2024

Алматыда ақпанның онында Sergek Group ауаны ластайтын түтін шығаратын көліктердің тізімін жариялайды. Содан кейін полиция мұндай автомобильдерді тоқтатып, тексеруден өткізу үшін экологиялық бекетке жібере алады. «Сондықтан темір тұлпарында ақауы барлар бір апта ішінде жөндетіп алғандары дұрыс», - дейді тәртіп сақшылары. Айта кетейік, бекеттерде бұрынғыдай түтікпен емес, ғылыми әдіспен тексеріледі. Бірақ бензинмен жүретін көлікті 7 градустан төмен температурада, ал дизельді көлікті нөлден төмен температурада тексеруге болмайды.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу