Өскеменде қаланың экологиялық жол картасы жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде қаланың экологиялық жол картасы жасалады

06.11.2023

Өскемендегі ірі өндіріс орындары бір жылда ауаға 54 мың тоннадан астам зиянды қалдық шығарады. Оған автокөлік түтінін қосыңыз. Сондықтан өңірдегі атқарушы билік қаланың эко-ахуалын жақсартудың жол картасын жасамақ. Кешенді бағдарламада әрбір кәсіпорын 2026 жылға дейін атқаратын шаруасын нақты көрсетеді. Қазірдің өзінде кейбір ірі өндірістер тазарту сүзгілерін орнатып, қондырғыларды жаңалап жатыр. Он жыл бұрын әрбір өндіріс ауаға 100 мың тоннаға дейін лас зат шығарса қазір ол айтарлықтай азайған. Дегенмен экологтар үшін ең басты мәселе көліктен шығатын көк түтін.

Данияр Әлиев, облыстық экология департаментінің басшысы:

Ауаны ластайтын тек қана өндірістік мекемлер емес. Өзіміз де білеміз. Қазіргі есеп бойынша оның жартысынан көбі автокөліктен шыққан түтіндер. Қыста өздеріңізде білесіздер жер үйлерден шыққан түтін. Енді ол сұрақты шешу үшін орталық жылуға қосу керек. Ол үшін бізге көп қаржат керек. Ол қаражатты біздің әкімшілік республикалық бюджеттен сұрамақшы.

Олжас Керейхан


Өскемен Шығыс Қазақстан облысы

Хабарламаларға жазылу