Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных елге оралды

22.01.2024

Қазақстан қоржынына қысқы жасөспірімдер Олимпиадасынан алғашқы алтын медалді салған спортшы Илья Мизерныхті жанкүйерлері осылай Алматы әуежайында ыстық ықыласпен қарсы алды. Ол Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан «Канвон-2024» Олимпиадасында шаңғымен трамплиннен секіруден 50 бәсекелесті басып озған еді. Тарихи жеңіспен оралған 16 жастағы Ильянің алтынды еншілеп қайтуы әбден мүмкін екенін бұған дейін Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Қайрат Биекенов болжап еді. 5 жасынан бастап спортпен шұғылданып өскен Илья, бұл жолы 106-шы медалін қанжығасына байлады.

Айта кетейік, Ильяға Үкімет қаулысына сәйкес 10 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі.

Илья Мизерных, Олимпиада чемпионы:

Олимпиадан өте жақсы әсер алдым. Мен тек тапсырмамды орындап, өз жұмысымды істедім. Алғаш Кореяға келгенде аздап үрей болды, бірақ бапкерімнің айтқан ақыл-кеңесінің арқасында бойымды тез жинап алдым. Спорт бұл менің өмірімнің бір бөлшегі.


Хабарламаларға жазылу