Нанкин Олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкин Олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды (ВИДЕО)

30.08.2014
Нанкин Олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды (ВИДЕО)

Қытайдың Нанкин қаласында аяқталған жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс, төрт қола медальмен, жалпы есепте 21 орынды иеленді.

Кеше түнде Алматы әуежайында жеңімпаздарды  қала тұрғындары мен туыстары құрметпен күтіп алды. Дзюдо спортынан Бауыржан Жауынтаев, бокстан Абылайхан Жүсіпов, еркін күрестен Мұхамбет Қуатбек Олимпиада чемпионы атанып, еліміздің көк туын желбіретті. Сондай-ақ, көркем гимнастика құрамасы топтық жарыста қола жүлде алды.

 Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу