Канвонда Олимпиада алауы тұтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канвонда Олимпиада алауы тұтанды

19.01.2024

Оңтүстік Кореяда Төртінші жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды.

Салтанатты іс-шара Пхенчхан мен Каннын қаласында қатар өтті. Қазақстандық спортшылар Каннындағы ашылу рәсіміне қатысты. «Ұлттар шеруі» кезінде көк туымызды конькимен жүгіруден ұлттық құрама мүшесі Кристина Шумекова мен шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан ұстап шықты. Дүбірлі додада біздің 41 атлет бес түрлі спорт түрінде сынға түседі. Канвондо провинциясындағы байрақты бәсеке ақпанның 1-не дейін жалғасады.

Ерасыл Шыңғысхан, шорт-трекші:

Туды көтеру ол менің арманым деп айтуға болады. Шорт-тректен жарыс ертең басталайын деп жатыр. Дайындық өте жақсы. Бізге қолдау беріңіздер. 


Хабарламаларға жазылу