Бейжіңде қысқы Олимпиада алауы тұтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде қысқы Олимпиада алауы тұтанды

20.10.2021

Осыдан бірер сағат бұрын Бейжіңде Олимпиада алауы тұтанды. Ол Қытай астанасына Афиныдан жеткізілді. Айта кету керек, Ақ Олимпиада Бейжіңде 2022 жылы ақпанның 4-і мен 20-сы аралығында өтеді. Пандемияға байланысты әлемдік турнирлерді шетелдік көрермен стадиондарда тамашалай алмайды. Бейжің тарихта екі Олимпиаданы қабылдаған бірінші қалаға айналайын деп отыр. 2008 жылы мұнда Жазғы ойындар өткені белгілі.

Олимпиада ойындары «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы мен «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу