Олимпиада алауы ресми түрде Қытай өкілдеріне табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада алауы ресми түрде Қытай өкілдеріне табысталды

19.10.2021

Бүгін Афинада Олимпиада алауы ресми түрде Қытай өкілдеріне табысталды. Айта кетсек, Қысқы ойындар 2022 жылы Бейжіңде ашылады. Оның басталуына 100 күн қалды.

Ақ Олимпиада ақпанның 4-20 аралығында өтеді. Осылайша Қытай астанасы тарихта екі Олимпиаданы қабылдаған бірінші қалаға айналады.

Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылы Бейжіңде Жазғы ойындар өткені белгілі. Осы ретте айта кетерлік маңызды ақпарат Ақ Олимпиада ойындары «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы мен «QAZSPORT» телеарнаcында көрсетіледі.


Хабарламаларға жазылу