БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне атсалысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бөлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне атсалысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бөлігі

19.01.2024

БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне атсалысу – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бөлігі. Бұл біздің соғыс пен қақтығыстардың алдын алуға қатысты бірлескен іс-әрекетке қосқан үлесіміз. Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин Қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуына байланысты пікір білдірді. Әлеуметтік желідегі парақшасына «Қазақстан соңғы 10 жыл көлемінде БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысып келеді. Бұл еліміздің әлем алдындағы беделін көтеруге және ұстанымын нығайтуға көмектесті. Сондай-ақ БҰҰ мен халықаралық әріптестер тарапынан зор сенімге ие болдық. Әскери қызметшілердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы Қарулы Күштердің әлеуеті мен тәжірибесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы ресурстардың артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ол да маңызды факторлардың бірі», - деп жазды.

Хабарламаларға жазылу