Н.Назарбаев: Еуропалық Одақ - Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Еуропалық Одақ - Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі

30.03.2016
Н.Назарбаев: Еуропалық Одақ - Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттар бойынша ынтымақтастығы мәселелерін сөз етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы онда Еуропалық Одақтың Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті. 

Елбасы сонымен қатар, сөзінде еліміздің сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуропалық Одақтың үлесіне тиетіндігіне назар аударды.  

Бұған қоса, Мемлекет басшысы Парламент Сенатының осы айда Еуропалық Одақпен кеңейтілген және стратегиялық әріптестік жөніндегі келісімді ратификациялағандығын және аталған жағдай екіжақты ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеретіндігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Д.Туск Мемлекет басшысы мен қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады және ол Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарамастан тек няғая беретіндігіне сенетіндігін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу